Рамзан Қадыровтың жағдайы күрт нашарлап кеткен

Dalanews 07 жел. 2025 19:18

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың жағдайы күрт нашарлап кеткен. Соған байланысты республиканың билігі жыл қорытындылары бойынша тұрғындармен жоспарланған тікелей эфирді әзірге өткізе алмай отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz

"Верстка" басылымының дерегінше, соңғы апталарда чечендік БАҚ бірнеше рет тікелей желіге «кең көлемді дайындық» жүріп жатқанын хабарлаған, алайда ешбір хабарламада нақты күні мен уақыты көрсетілмеген. Республиканың ресми органдары да әлі түсініктеме берген жоқ.

49 жастағы Қадыровтың денсаулығына қатысты расталмаған ақпараттар 2019 жылдан бері пайда болып келеді. 2023 жылғы қыркүйекте Шешенстан басшысының сыншылары оның комада жатуы мүмкін екенін айтқан. Өткен жылдың көктемінде «Новая газета Европа» республика жетекшісі бірнеше жылдан бері «ұйқыбездің некрозы» диагнозымен өмір сүріп жатқанын жазды. Осындай ақпараттар тарағаннан кейін Қадыров бірнеше рет өзінің еңбекке қабілетті екенін көрсетуге тырысқан бейнежазбалар жариялап келген: оларда ол түрлі дене жаттығуларын орындап шығады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар