Радикалды көзқарасты ұстанған 145 шетелдік елден шығарылған

Радикалды көзқарасты ұстанған 145 шетелдік елден шығарылған
ІІМ

Жыл басынан бері радикалды көзқарасты ұстанған 145 шетелдік азамат ел аумағынан шығарылған. Бұл туралы Астанада өткен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерінің кездесуінде айтылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жиында трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланған. ІІМ мәліметінше, халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде бірқатар қылмысқа қатысы бар адамдар ұсталған.

"Әзербайжанның құқық қорғау органдары Қазақстан тарапының сұрауы бойынша Бакуде діни радикалды ұстады. Өзбекстанда терроризмді насихаттағаны және ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны үшін Қазақстан іздеу жариялаған адам, ал Қырғызстанда әлеуметтік араздықты қоздырғаны үшін іздеуде жүрген адам ұсталды", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, Ыстамбұлда Қазақстан азаматының өліміне қатысты қылмыс ашылған.

"Бүгінде қауіп-қатер бір елдің шекарасымен шектелмейді. Сондықтан қызметтеріміз арасындағы тікелей байланыс пен ақпаратты уақтылы алмасудың маңызы ерекше", - деп мәлімдеді ішкі істер министрі Ержан Сәденов.