Қызылордада TikTok-та балағат сөздер айтқан екі тұрғын жауапқа тартылды

Қызылордада TikTok-та балағат сөздер айтқан екі тұрғын жауапқа тартылды
видео кадры

Қызылордада TikTok-та балағат сөздер айтқан екі тұрғын жауапқа тартылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

 

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында TikTok платформасындағы тікелей эфир кезінде құрбысымен бірге балағат сөздер айтқан адамның парақшасын анықтаған.

Тікелей эфир қала аумағындағы кафелердің бірінде жүргізілген. Полиция қызметкерлері олардың кім екенін анықтаған.

"Олар Қызылорда қаласының 24 жастағы тұрғындары болып шықты. Әлеуметтік желіде ұсақ бұзақылық жасаған екі қыз әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен олардың әрқайсына айыппұл түріндегі жаза тағайындалды", - деді полиция.