Қызылорда облысында 14 жыл бұрын болған кісі өліміне қатысты қылмыс ашылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қайғылы оқиға 2012 жылы қазанда Қармақшы ауданындағы Жосалы кентінде болған. Сол кезде топтық төбелес барысында жасөспірім пышақ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған.
Оқиғадан кейін төбелеске қатысқандар тексерілгенімен, нақты айғақтар мен куәгерлер болмауына байланысты іс ұзақ уақыт ашылмай қалған.
ІІМ мәліметінше, биыл жедел тергеу тобы істі қайта қарап, басты куәгерді анықтаған. Соның нәтижесінде күдіктіге шыққан полицейлер оның сол төбелеске қатысқанын анықтаған. Күдікті қазір басқа ауыр қылмыс үшін жазасын өтеп жатыр.
Ол Қызылорда қаласындағы тергеу изоляторына жеткізілген. Тергеу кезінде ол кінәсін мойындаған. Алдын ала мәлімет бойынша қылмысқа жастар арасындағы жанжал себеп болған.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.