Жаңа оқу жылынан бастап Жаңаөзен қаласындағы 25 мектепте оқушыларға шұбат беріле бастайды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Маңғыстау облысы әкімдігінің мәліметінше, бұл ұлттық сусынды мектеп асханаларының мәзіріне енгізуді көздейтін Қазақстандағы алғашқы бастама болмақ.
Мамандардың айтуынша, шұбаттың құрамында ағзаға қажетті ақуыз, кальций, фосфор, В тобының дәрумендері және басқа да пайдалы қоректік заттар мол. Жоба оқушылардың дұрыс тамақтануын жақсартып, ұлттық тағамдарды насихаттауға бағытталған.