Қазақстанда қыркүйек айында 106 жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық анықталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ведомствоның мәліметінше, тіркелген заң бұзушылықтардың басым бөлігі пара алу мен пара беру, мемлекет қаржысын жымқыру, алаяқтық және қызмет бабын жеке мақсатқа пайдалану фактілеріне қатысты. Тергеуі аяқталған істер бойынша мемлекетке келтірілген шығын көлемі 3,7 млрд теңгені құраған.
ҰҚК дерегіне сәйкес, 93 адам күдікті ретінде танылған. Қыркүйекте 81 қылмыстық істің тергеуі аяқталып, оның 78-і сотқа жіберілген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді.