Freedom Inside '26

Қырғызстанда Ташиевтің күйеу баласы алаяқтық ісі бойынша ұсталды

Қырғызстанда Ташиевтің күйеу баласы алаяқтық ісі бойынша ұсталды
24.kg

Қырғызстанда Азамат Дыйқанбаевқа қатысты қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып жасалған алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қадағалау органының мәліметінше, Дыйқанбаев Манас аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтауға және оған қатысы болуы мүмкін өзге тұлғаларды белгілеуге бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Азамат Дыйқанбаевтың есімі Манас ауданындағы кәсіпкердің көлігіне қатысты оқиғаға байланысты бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде аталған болатын. Алайда құқық қорғау органдары қазіргі қылмыстық істің сол оқиғалармен байланысы бар-жоғына қатысты әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Кейбір деректерге сәйкес, Азамат Дыйқанбаев – Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Камчыбек Ташиевтің күйеу баласы.

Сондай-ақ ол әр жылдары ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесінде қызмет атқарған.