Қырғызстанда 9-сынып оқушысы көз жұмды: Оқиғаға қатысы бар 4 күдікті ұсталды

Қырғызстанда 9-сынып оқушысы көз жұмды: Оқиғаға қатысы бар 4 күдікті ұсталды
Аурухана. Көрнекі фото: Pramote Polyamate/Getty Images

Қырғызстанның Жалал-Абад облысына қарасты Чатқал ауданында 15 жастағы жасөспірім соққыдан кейін көз жұмды. Оқиғаға байланысты төрт жасөспірім күдікпен ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Облыстық ішкі істер басқармасының мәліметінше, оқиға 18 қыркүйекте болған. 2011 жылы туған жасөспірім Жаңы-Базар аумақтық ауруханасына жеткізілмей жатып қайтыс болған.

Аталған дерек бойынша Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 130-бабы – "Денсаулыққа ауыр зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысында Чатқал аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қылмысқа күдікті ретінде 17 жастағы төрт жасөспірімді ұстаған. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Ақпаратқа сәйкес, қаза болған жасөспірім 9-сыныпта оқыған. Ал күдікпен ұсталғандардың үшеуі 11-сынып оқушылары екені көрсетілген.