Freedom Inside '26

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынған - БАҚ

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынған - БАҚ
Canva

Қырғызстан билігі Қазақстанға шекара маңындағы жер телімдерін айырбастау туралы ұсыныс жасаған. Бұл бастама ақылы жол салу жобасына байланысты көтерілген, деп хабарлайды dalanews.kz "Sputnik Кыргызстан" басылымына сілтеп.

Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Асхат Алагөзовтің айтуынша, жолдың ұзындығы шамамен 150 шақырым болады. Әңгіме Тоқмақ маңындағы ұзындығы 800 метр болатын учаске туралы болып отыр.

"Мұндай мәселелер саяси алыпқашпа әңгімелердің тақырыбына айналмауы керек", - деді Асхат Алагөзов.

Сондай-ақ, ол Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау нәтижесінде Ферғана облысының құрамында болған Чоңқара және Таш-Төбе ауылдары Қырғызстанға өткенін хабарлаған.

Баткен облысына қосылған бұл екі елді мекенде шамамен 2,5 мың адам тұрады.