Қылмыстық топ мүшесі Ресейден елге жеткізілді

Қылмыстық топ мүшесі Ресейден елге жеткізілді
видео кадры

Қазақстанда психотроп заттарды заңсыз өндірумен және таратумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бас прокуратура мәліметінше, ол қылмыстық топ мүшесі болған, Теміртау қаласында аса ірі мөлшердегі есірткі өндірісін ұйымдастырған. Кейін психотроп заттар Қарағанды облысының аумағында таратылған.

Олар қылмыстық әрекет нәтижесінде келген 1,8 млрд теңгеден аса және 600 млн теңгеден аса қаражатты заңдастырған. Бұл активтерді мемлекет кірісіне тәркілеу мақсатында оларға тыйым салынған. Сондай-ақ, қылмыстық топ мүшелерінен 10 келіге жуық мефедрон тәркіленген.

"Күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынуына байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған. Ол былтыр қазанда Ресей аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды", - деді Бас прокуратура өкілдері.