Қиыр шығыстағы “Русский мир”: Солтүстік Кореяда орыс тілі міндетті пәнге айналды

Көркем Алдабергенова 28 қар. 2025 11:25

Солтүстік Кореяда орыс тілі міндетті пәнге айналды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Солтүстік Корея мектептерінде орыс тілін 4-сыныптан бастап міндетті түрде оқыту енгізілді. Бұл ақпаратты Ресейдің Табиғи ресурстар және экология министрі Александр Козлов мәлімдеді.

Козловтың айтуынша, КХДР білім беру жүйесінде орыс тілі 4-сыныптан бастап міндетті пән мәртебесіне ие болған.

«Ресейде де корей тілін үйренетін оқушылардың қатары көбейіп келеді», – деді министр.

Қазіргі уақытта Ресейде 3 мыңнан аса оқушы корей тілін меңгеріп жүр, ал Солтүстік Кореяда шамамен 600 адам орыс тілін оқып жатыр.

Козловтың мәлімдеуінше, орыс тілі Солтүстік Кореяда бұрыннан ең сұранысқа ие үш шетел тілінің қатарына кіреді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар