Құтқарушылар алматылықтарға төтенше жағдайдағы алғашқы қадамдарды түсіндірді

Ақтоты Жапатова 19 там. 2025 11:05

Алматы гарнизонының құтқарушылары Жетісу ауданының «Мерей» сауда орталығында қауіпсіздік акциясын өткізді,- деп хабарлайды Dalanews.kz 

Жер сілкінісі мен өрт кезінде өзін-өзі құтқару дағдыларын мегаполис тұрғындарына үйрету бойынша белсенді жұмыс халық көп жиналатын орындарда жалғасын табуда.

Қарапайым әрі түсінікті түрде, үгіт-насихаттық өнімдер мен бейнероликтерді «Алматы ТЖ» мобильдік қосымшасы арқылы көрсете отырып, ТЖД мамандары сауда орталығының қызметкерлері мен келушілеріне жер сілкінісі мен өрт кезінде эвакуациялау алгоритмін еске салды. Мұндай жағдайда ең бастысы – сабыр сақтап, тез бағдарланып, белгіленген нұсқауларды қатаң орындау екендігі айтылды.

Осындай іс-шаралар қауіпсіздік мәдениетін арттыруға ықпал етіп, әрбір тұрғынға ықтимал төтенше жағдайларға дайын болуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде Алматы қаласы азаматтарының өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар