Құрылтай депутаттары Нұрлан Бекназаровты, Дания Еспаеваны және Динара Закиеваны Құрылтай төрағасының орынбасарлары етіп сайлады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай Қазақстан Республикасының «Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 11-бабына сәйкес өзінің орынбасарлары қызметіне Нұрлан Бекназаров, Дания Еспаева және Динара Закиеваның кандидатураларын ұсынды.
Кандидатуралар бойынша дауыс беру ашық форматта өтті.
Құрылтай депутаттары төрағаның ұсынысын қолдап, аталған үш кандидатураны оның орынбасарлары қызметіне сайлады.