Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жедел ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылды, тағы сегіз бала оқшауланып, медициналық бақылауға алынды, деп хабарлайды dalanews.kz.
12–13 қазанда оқушылар қалалық балалар клиникалық инфекциялық ауруханасына жеткізілген. Қазір олардың барлығы дәрігерлердің бақылауында.
Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет департаментінің қаулысымен мектептің, интернаттың және ас блогының жұмысы уақытша тоқтатылды.
Мамандар тексеру жүргізіп, зертханалық зерттеулерге сынамалар алған. Оқушылардың жаппай сырқаттануына не себеп болғаны әзірге белгісіз.
Жағдай тиісті қызметтердің бақылауында.