Өскеменде студенттер жатақханасы өртенді

Өскеменде студенттер жатақханасы өртенді
видео кадры

Өскеменде құтқарушылар студенттер жатақханасындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды dalanews.kz.

30-шы гвардиялық дивизия көшесінде орналасқан студенттер жатақханасының тоғызыншы қабатындағы бөлмеден өрт шыққан.

Жатақхана әкімшілігі тұрғындарды жедел эвакуациялау іс-шараларын ұйымдастырған. Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері жедел түрде өртті сөндіруге кіріскен.

Құтқарушылардың үйлесімді әрекетінің арқасында өрт таралуына жол берілмей, 16 шаршы метр аумақта толық сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.