Құрылтай — Қазақстанның жаңа даму бағдары айқындалған алаң

Құрылтай — Қазақстанның жаңа даму бағдары айқындалған алаң

Бүгінгі Құрылтайдың алғашқы сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жаңа даму кезеңіндегі басымдықтарға кеңінен тоқталып, саяси жаңғырудан бастап экономикалық және инфрақұрылымдық дамуға, жасанды интеллект пен технологиялық серпілістен ұлттық сана мен құндылықтарды нығайтуға дейінгі маңызды бағыттарды атап өтті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Президенттің сөзінен Қазақстанның өзгеріп жатқан жаһандық жағдайда тек сыртқы сын-қатерлерге бейімделіп қана қоймай, өзінің экономикалық, технологиялық және саяси әлеуетіне сүйене отырып, даму бағытын дербес айқындауға ұмтылысы байқалады. Бұл ретте ұлттық қорды тиімді пайдалану, стратегиялық инфрақұрылымға инвестиция салу және жаңа технологияларды игеру елдің ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі ретінде қарастырылды.

Мұндай бастамалар Қазақстанның ішкі тұрақтылығын нығайтып қана қоймай, оның халықаралық аренадағы рөлін күшейтуге қаншалықты мүмкіндік береді? Ұлттық қор қаражатын стратегиялық инфрақұрылымға бағыттау, жасанды интеллектіні дамыту және ұлттық сананы нығайту елдің экономикалық әрі технологиялық дербестігін арттыра ала ма? Осы мәселелер жөнінде Құрылтай депутаты Үнзила Шапақ пікір білдірді.

— Қасым-Жомарт Тоқаев бір мезетте саясижаңғыру, ауқымды инфрақұрылымдықинвестициялар және жаңа ұлттық сана қалыптастыру мәселелерін көтеріп отыр. Мұны халықаралық жүйедегі тұрақсыздықкүшейген кезеңде Қазақстанның саяси, экономикалық және құндылық тұрғысынаннеғұрлым дербес даму моделінқалыптастыруға деген ұмтылысы депқарастыруға бола ма?

— Президенттің саяси жаңғыруды, экономикалық және инфрақұрылымдықдамуды, сондай-ақ ұлттық сананы қатаркөтеруі – бір-бірінен бөлек бағыттар емес. Бұл – Қазақстанның қазіргі күрделі геосаясижағдайда өзінің ішкі тұрақтылығын, экономикалық әлеуетін және ұлттық бірегейлігін күшейтуге бағытталған тұтасстратегиялық ұстаным.

Бүгінде әлемде геосаяси текетірес күшейіп, халықаралық қатынастар жүйесінде бұрынғықалыптасқан тепе-теңдік өзгеріп жатыр. Осындай жағдайда кез келген мемлекет үшінішкі саяси институттардың тұрақтылығы мен экономиканың орнықтылығы ерекше маңызды.

Сондықтан саяси жаңғыру дегеніміз – мемлекеттің басқару жүйесін заман талабынабейімдеу болса, инфрақұрылымға инвестиция салу – экономикалық дербестіктің негізінқалыптастыру. Ал ұлттық сана мен құндылықтарға басымдық беру – қоғамның ішкібірлігін сақтаудың маңызды факторы.

Меніңше, мұндағы негізгі мақсат – Қазақстанды сыртқы әлемнен оқшаулау емес. Керісінше, әлемге ашық бола отырып, өз ұлттық мүддесіне сүйенетін мемлекет қалыптастыру.

Сондықтан, Президенттің көтеріп отырғанбастамаларын Қазақстанның саяси тұрғыданорнықты, экономикалық жағынан бәсекегеқабілетті және құндылықтық тұрғыдан берікмемлекет етуге деген ұмтылысы депойлаймын.

— Президент Ұлттық қор қаражатынболашақ ұрпаққа қызмет ететінинфрақұрылым қалыптастыруқажеттілігімен байланыстырып отыр. Мұндай модель Қазақстанды ұзақ мерзімдіжаңғыртудың тиімді құралына айнала ала ма және ол ресурстық байлықтыбасқарудың халықаралық тәжірибесіменқаншалықты үйлеседі?

— Меніңше, Президенттің «Ұлттық қор»қаражатын болашақ ұрпаққа қызмет ететінинфрақұрылымға бағыттау туралы ұстанымы – Қазақстанның табиғи ресурстарын ұзақ мерзімді ұлттық капиталға айналдыруғамүмкіндік беретін маңызды тәсіл.

Біз Ұлттық қорға тек бүгінгі бюджеттіктапшылықты жабатын қаржы көзі ретіндеқарамауымыз керек. Оның қаражаты елдіңкелешектегі экономикалық қуатын арттыратынжобаларға жұмсалса, бұл – қазіргі ұрпақ пенболашақ ұрпақ арасындағы жауапкершіліктіңдұрыс балансы.

Мәселен, көлік-логистикалық дәліздер, энергетика, су ресурстары, коммуналдық және цифрлық инфрақұрылым – бір күндік нәтижеүшін емес, ондаған жыл бойы экономиканыңдамуына қызмет ететін активтер. Осындайинвестициялар жаңа өндірістердің ашылуына, жұмыс орындарының құрылуына және өңірлердің экономикалық әлеуетінің өсуінежағдай жасайды.

Бұл тәсіл әлемдік тәжірибеге де жақын. Табиғиресурстарға бай мемлекеттердің тәжірибесікөрсеткендей, ресурстық табысты тиімдібасқарудың негізгі қағидаты – шикізаттантүскен кірісті тұтынуға ғана жұмсамай, оның белгілі бір бөлігін болашақ ұрпақ үшін жинақтаужәне ұзақ мерзімді активтерге инвестициялау.

Алайда мен бұл жерде бір маңызды мәселегеназар аударғым келеді. Ұлттық қордың қаражатын инфрақұрылымға бағыттауавтоматты түрде тиімді шешім дегендібілдірмейді. Әрбір жоба нақты экономикалықтиімділігі, әлеуметтік қайтарымы және ұзақ мерзімді әсері тұрғысынан бағалануы тиіс. Қаражаттың жұмсалуында ашықтық пенқоғамдық бақылау болуы қажет.

Сондықтан, Ұлттық қор – бүгінгі күнніңмәселесін уақытша шешетін қор емес, Қазақстанның болашағын қалыптастыратынстратегиялық ресурс. Егер оның қаражатысапалы инфрақұрылымға, адами капиталға және экономиканы әртараптандыруғабағытталса, онда табиғи байлықты ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің ең тиімді тетіктерінің бірінеайнала алады.

Ең бастысы – біз мұнай мен басқа да табиғиресурстардың қорын ғана емес, сол ресурстардың есебінен қалыптасатын жаңа экономикалық мүмкіндіктер қорын келесіұрпаққа қалдыруымыз керек.

—Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандықтұрақсыздық пен ірі державаларарасындағы сенім деңгейінің төмендеуіжағдайында Қазақстанды өзі жатқызатынорта державалардың рөлі артып кележатқанын атап өтті. Қазақстан бүгінде осы мүмкіндікті пайдаланып, өзінің саясиықпалын күшейтуге және күш орталықтарыарасында тепе-теңдік сақтайтын мемлекетрөлінен шығып, әлемдік саясаттағы дербесойыншыға айналуға қаншалықты дайын?

— Бүгінде халықаралық қатынастар жүйесіндеорта державалардың рөлі шынымен де артыпкеледі. Қазақстанның бұл тұрғыда өзіндікартықшылықтары бар.

Ол географиялық тұрғыдан алғанда Еуропа мен Азияны байланыстыратын, Ресей және Қытай сияқты ірі державалармен шектесетін, Орталық Азиядағы жетекші мемлекеттердің бірі.

Сондықтан Қазақстанның міндеті – бір ғана геосаяси орталыққа сүйену емес, ұлттық мүддеге негізделген теңгерімді және көпвекторлы сыртқы саясатты жалғастыру.

Сонымен бірге, орта держава мәртебесі тек географиялық орналасумен анықталмайды. Оның экономикалық қуаты, технологиялықәлеуеті, дипломатиялық беделі және халықаралық бастамалары болуы керек.

Меніңше, Қазақстанның бүгінгі мақсаты – әлемдік державалармен бәсекеге түсу емес, өз мүддесін қалыптастырып, халықаралықдеңгейде ықпал ете алатын дербес мемлекетретінде орнығу.

— Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды тұрақтылықты сақтап, экономиканыжаңғыртып қана қоймай, ең алдыменжасанды интеллект саласындағытехнологиялық революциядан да қалысқалмауы тиіс мемлекет ретінде көрсетті. Осы стратегия Қазақстанға ірі державаларарасындағы бәсекенің нысаны болудангөрі, дербес өңірлік ойыншы рөліне өтугемүмкіндік бере ала ма?

— Бүгінде жасанды интеллект – тек IT саласының мәселесі емес. Бұл – экономиканың, мемлекеттік басқарудың, білімберу мен ұлттық қауіпсіздіктің болашағынайқындайтын стратегиялық фактор.

Егер Қазақстан жаңа технологиялықреволюциядан тыс қалса, біз тек технологиялық жағынан емес, экономикалықтұрғыдан да артта қалуымыз мүмкін.

Сондықтан Президенттің жасанды интеллекткеерекше мән беруі – уақыт талабы.

Біздің мақсатымыз тек дайын технологиялардытұтыну емес. Қазақстанда өзіміздің цифрлықинфрақұрылымымызды, кадрлық әлеуетімізді, ғылыми базамызды және технологиялықөнімдерімізді қалыптастыруымыз қажет.

Бұл Қазақстанға өңірдегі технологиялықхабтардың біріне айналып, өзініңэкономикалық және геосаяси салмағынарттыруға мүмкіндік береді.

Яғни технологиялық дербестік – бүгінгі таңда саяси дербестіктің де маңызды құрамдасбөлігі.

— Егер бүгінгі Тоқаевтың сөзін сыртқыбақылаушының көзімен бағалайтынболсақ, Қазақстан әлемге қандай бастысигнал жолдап отыр?

— Менің ойымша, Президенттің сөзіненшығатын негізгі сигнал – Қазақстан өзгеріпжатқан әлем жағдайында сыртқыфакторларға бейімделіп қана қоймай, өзініңдаму бағытын өзі айқындайтын мемлекетболуға ұмтылып отыр.

Біріншіден, Қазақстан саяси тұрғыдан тұрақты әрі институционалдық жағынан жаңғырыпжатқан мемлекет екенін көрсетіп отыр. 

Екіншіден, экономиканы тек шикізатэкспортына сүйенбей, инфрақұрылым, өндірісжәне жаңа технологиялар арқылы дамытуғаниетті екенін білдіреді.

Үшіншіден, Қазақстан өзінің ұлттық болмысынсақтай отырып, әлемге ашық мемлекет болуға дайын екенін көрсетіп отыр. Яғни біз үшінұлттық сана мен дәстүр – жаһандық дамуға кедергі емес, керісінше, мемлекеттің ішкіберіктігін қамтамасыз ететін негіз.

Сондықтан, менің ойымша негізгі сигнал: Қазақстан – тұрақтылықты сақтайтын ғанаемес, өзгерістерге дайын, экономикалық және технологиялық тұрғыдан жаңаратын, ұлттық мүддесін нақты айқындайтын және халықаралық аренада өз орнын күшейтугеұмтылатын мемлекет.

Бұл – біздің әлемге ашық екенімізді, бірақ өз даму бағытымызды өзімізқалыптастыратынымызды білдіретін маңыздысаяси сигнал.