KazBuild көрмесі жыл сайын, яғни 1994 жылдан бері өткізіліп, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетімен, Алматы қаласының әкімдігімен қолдау тауып келеді. Осы реткі көрмеде Қытайдың сауда-саттық саласындағы ірі ұйымдары мен тауар өндіруші және экспорттаушы компанияларының үлесі басым болып отыр. Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас сатыларында сауда-экономиканың рөлі зор. Мұндай көрмелердің ұйымдастырылып тұруы - Қытай мен Қазақстан арасындағы экономикалық, инвестициялық қарым-қатынасты дамытудың жалғасы болмақ.
Қазіргі таңда Қазақстан-Қытай экономикалық қатынастар өзінің даму тарихының ең бір ұтымды, кемелді кезеңін өткеріп жатыр. Демек, бұл алдағы уақытта екі ел арасындағы экономикалық даму ілгерлемесе төмендемейді деген сөз. Осы реткі көрмеде тұрғындар Қытайдың сапалы тауарларын танып, екі ел кәсіпкерлері арасында іскерлік байланыс орнап, біраз келісім-шарттарға қол қойылды. Қазақстандық кәсіпкерлер өздеріне сенімді серіктес, инвесторлар тауып жатса біздің экономикамыздың дамуына да ықпалы зор. Бүгінгі таңда Қазақстан-Қытай екі тарап Шаңхай ынтымақсатығы ұйымы аясында да саяси, экономикалық ынтымақтастықты тоқтаусыз нығайтып, халықарлық аренадағы іскерлік, стратегиялық іс-қимылдарды жандандыру түскенін аңғару қиын емес. Экономикалық өзара толықтырушылық, географиялық жақындық, күшті экономикалық даму және екіжақты кең көлемді реформалардың жүріп отыруы- Қытай-Қазақстан достық қарым-қатынастарының дами түсуіне негіз болып отыр. Осы реткі көрмеге Қытай тарапынан көптеген алпауыт компаниялардың қызығушылық танытып, инвестициялық, сауда-саттық келісім үшін арнайы келуі- екі ел кәсіпкерлерінің маңызды келісімдеріне негіз болады. Көрме өтіп жатқан осы төрт күн ішінде 7000-нан астам іскери байланыстар болуда.