Пәтер беремін деп ақша алған: Қарағандыда алаяқ ұсталды

Пәтер беремін деп ақша алған: Қарағандыда алаяқ ұсталды
pixabay.com

Қарағандыда пәтер жалға беремін деп студенттерден алдын ала төлем алып, кейін байланысын үзген әйел ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қарағанды облысының полиция департаменті мәліметінше, 32 жастағы қала тұрғыны әлеуметтік желілерде арзан пәтерлерді жалға беру туралы жалған хабарландырулар жариялаған.

Күдікті интернеттен алынған пәтерлердің суреттерін пайдаланып, студенттерді қызықтырған. Алдын ала төлем алғаннан кейін олармен байланысын үзген.

Полиция қазірдің өзінде алаяқтықтың 10 эпизодын анықтаған. Келтірілген шығын көлемі 2,3 млн теңгеден асады.

«Зардап шеккендердің саны бұдан да көп болуы мүмкін. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталды. Оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.