Атырау облысы Құлсары қаласында жоғалған әкесі мен баласы өлі табылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
14 сәуірде таңғы сағат 9 шамасында ТЖД күштерімен және тұрғындардың көмегімен ер адамның денесі табылды. Артынша сағат 13:40-та ТЖД күштерімен 2000 жылы туған жігіттің денесі өз тұрғын үйінен 1 шақырым қашықта 1.5 метр тереңдікте су астынан табылды.
Атырау облыстық ТЖД мәліметінше, 6 сәуірде сағат 17:52-де Құлсары қаласы 4-шағынаудан Автодорожник көшесі Grand Hall мейрамханасының қасында орналасқан су басқан үйін қарауға 1976 жылы туған азамат пен оның 2000 жылы туған ұлы барғаны, алайда олардың сол уақыттан бері хабарсыз кеткені жөнінде хабарлама түскен.
Хабарлама түскен бойда құтшарушылар мекен-жайға барған. Үйдің есігі пенамен бекітілгені анықталған.
"Бұл шақырту бойынша 6 сәуірде сағат 20:57-де құтқарушылар, 5 қайық, 1 техника (трэкол) жұмылдырылып, тәулік бойы іздеді", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Ведомство мәліметінше, Құлсары қаласында 6 сәуірде су басу салдарынан шақыртулар көп түскен.
Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланған уақыттан 7 сәуірге дейін 26 467 тұрғын, оның ішінде 5976 бала эвакуацияланған.