Құлыбаевтың компаниясының ҚазМұнайГазға қарсы талабы сотта қанағаттандырылмады

Сағыныш Сардарова 19 ақп. 2024 10:37 2402

Тимур Құлыбаевтың компаниясына тиесілі "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС ұлттық компаниядан берешек ақшасын өндіріп алуға тырысқан, - деп хабарлайды Dalanews.kz bes.media-ға сілтеп.

Астана соты "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС-нің "ҚазМұнайГаз" АҚ-тан 1,1 млрд теңге көлеміндегі берешекті өндіріп алу туралы апелляциялық шағымын қабылдамады.

"Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС-нің үш құрылтайшысы бар:

  • Joint Technologies ЖШС (Раушан Сағдиева мен "Кипрос"компаниясына тиесілі. Соңғысының иесі – Тимур Құлыбаев - экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы);
  • "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС;
  • "Көксеңгір" ЖШС.

"Сұйытылған мұнай газ паркі" ЖШС деректері бойынша Атырау МӨЗ-нен мұнайды ауыстырып тиеу және сақтау қызметтері үшін 1,1 млрд теңге берешек қалып қойған. 2022 жылғы қаңтарда Энергетика министрлігі "ҚазМұнайГазға" осы қызмет бойынша шығынды қайта өңдеу тарифіне қосуды тапсырған. Бірақ кейінірек, 2022 жылғы 4 мамырда бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Атырау МӨЗ-де бірыңғай технологиялық циклды бөлу негізсіз екенін хабарлады.

Кейін ЖШС ҚазМұнайГазға осы қызметтерге ақы төлеу үшін шарт жасау ұсынысымен жүгінді. 2022 жылғы 30 шілдеде тараптар шамамен 113 миллион теңгеге шарт жасасты. Талапкер газды шілдеден қыркүйекке дейін сатып алуы, сақтауы және жіберуі керек еді. Сол жылы 1 қыркүйекте ЖШС шарт бұзылғаны туралы хабарлама алған. Бір аптадан кейін компания "ҚазМұнайГазға" және Энергетика министрлігіне шілдеден желтоқсанға дейін ауыстырып тиеу және сақтау шартын жасасу, сондай-ақ, 2022 жылғы қаңтардан тамызға дейінгі 357,5 млн теңге мөлшеріндегі берешекті төлеуге жәрдемдесу туралы өтінішпен жүгінді.

"Іс бойынша тараптар мен үшінші тұлға арасында (Энергетика министрлігі - еск.) өтінімдер негізінде зауыт шығарған және құбыр арқылы ЖШС резервуарларына айдалған газды қабылдау-тапсыру актілеріне қол қойылды, содан кейін "ҚазМұнайГаз" АҚ-ға тапсырылды, - делінген сот құжаттарында.

Осылайша 2022 жылғы 14 қаңтардан 2023 жылғы 5 шілдеге дейін жөнелтілген. 2023 жылғы 10 тамызда ЖШС және АМӨЗ газды қабылдау, сақтау бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасқан. 2023 жылғы 27 қыркүйекте ЖШС және зауыт аванс төлеген жағдайда құнын төмендету туралы қосымша келісім жасаған.

Мұның бәрі компанияның "Қазмұнайгаздан" 1,1 млрд теңге өндіріп алу туралы талаппен сотқа жүгінуіне негіз болыпты.

2023 жылғы желтоқсанда бірінші сатыдағы сот берешек соманы өндіріп алудан бас тартты, 2024 жылғы ақпанда да бұл шешім өзгеріссіз қалды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар