Қазақстанда үйді алдымен жалға алып, кейін сатып алу мүмкіндігін беретін жаңа пилоттық жоба іске қосылды. Енді азаматтар өтініш беріп, электронды шартты тұрғын үй компаниясының порталы арқылы қашықтан жасай алады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жоба аясында тіркеуге қажетті барлық құжат жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрына автоматты түрде жолданады. Ал мәмілеге қатысушылар мен тіркеуші орган қызметкерлері процесті бейнебайланыс арқылы жүзеге асырады.
Аталған бастама мемлекеттік тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға бағытталған. Оның ішінде әлеуметтік осал топтар мен бюджет саласының қызметкерлері де бар.
Жобаның мақсаты — тұрғын үй алу процесін жеңілдетіп, қағазбастылықты азайту және қызметтердің қолжетімділігін арттыру.
