Қуандық Бишімбаевқа тағы бір қылмыстық бап бойынша айып тағылды

Dalanews 17 қаң. 2024 04:09 814

Салтанат Нүкенованың өліміне күдікті, Ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2- тармағы, яғни "Азаптау" бойынша қосымша айып тағылып отыр. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


Аталмыш бап бойынша экс-министрге төрт жылдан жеті жылға дейін жаза тағайындалып, Қылмыстық кодекстің “Адам өлтіру” бабы бойынша 15 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айырылады.


9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. 8 қарашада Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан әйел адамның алған жарақатынан көз жұмғаны айтылды. Кейін марқұмның экс-министр Салтанат Нүкенованың әйелі екені белгілі болды.


Бишімбаев сол күні кісі өлтірді деген күдікпен ұсталып, қамауға алынды. 11 қарашада Салтанат Нүкенова Павлодарда жерленді. Ерлі-зайыптылардың шаңырақ көтергендеріне бір жылдай уақыт болған еді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар