ҚТЖ жазғы маусымда Алакөл бағытына қарай қосымша пойыздар шығарады

Кәмшат Тілеухан 08 мам. 2025 09:59 344

"Жолаушылар тасымалы" АҚ алдағы жаз мезгілінде 11 қосымша теміржол бағытын іске қосады. Оның ішінде Алакөл бағыты да бар. Билеттерді  45 күн бұрын алдын ала сатып алуға болады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Бұл шешім жолаушылардың демалыс маусымындағы жоғары сұранысын қанағаттандыру мақсатында қабылданды. Жаңа пойыздар қозғалыс кестесіне енгізіліп, бірқатар бағыттар бойынша қатынау жиілігі артатын болады. 2025 жылғы маусым мен қыркүйек аралығында 3 Тальго құрамы, 5 стандартты пойыз және 3 пойызға қосымша вагондар жалғанады. Қосымша пойыздардың іске қосылуы 270 000-нан астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді", делінген "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

  1. №253/254 "Астана — Достық"  (Тальго) пойызы аптасына 2 рет қатынайды.
  2. №207/208 "Алматы — Жалаңашкөл"  (Тальго) пойызы белгіленген күндерде қатынайды.
  3. №211/212 "Алматы — Достық"  (Тальго) пойызы күнара қатынайды.
  4. №221/222 "Алматы — Достық" пойызы аптасына 3 рет қатынайды.
  5. №457/458 "Семей — Достық" пойызы күнара қатынайды.
  6. №459/460 "Өскемен — Достық" пойызы күнара қатынайды.
  7. "Алматы — Достық" бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.
  8. "Қызылорда — Достық" бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.
  9. "Павлодар — Достық" бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.
  10. №201/202 "Астана — Алматы" пойызы күн сайын жүреді.
  11. №203/204 "Астана — Шымкент" пойызы күн сайын жүреді.

Айта кетсек, Алакөл - Алматы мен Абай облыстарын байланыстырып жатқан минералдарға бай, шипалы көл. Пойыз Абай облысында орналасқан атақты Алакөл санаторийі басына бармайды. Соңғы нүктесі – Алматы облысындағы Ақши, Көктұма стансасы. Бұл - Алакөлдің оңтүстік беті. Туризмге бет бұрған бұл өңірде демалыс орындары жетерлік.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар