АҚШ Өкілдер палатасы Иранға қарсы операцияға қаржы бөлуді мақұлдады

АҚШ Өкілдер палатасы Иранға қарсы операцияға қаржы бөлуді мақұлдады
ашық дереккөз

АҚШ Өкілдер палатасы Иранға қарсы әскери операцияға байланысты шығындарды қаржыландыруға мүмкіндік беретін 95 млрд долларлық қарарды қабылдады. Құжатты 216 конгрессмен қолдап, 214-і қарсы дауыс берген, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қарар аясында әскери операцияға қатысты шығындарға 73 млрд долларды жедел бөлу көзделген. Сонымен қатар, құжатта тариф саясаты мен баға өсуінен зардап шеккен америкалық фермерлерді қолдау шаралары да қарастырылған. Бастамаға бірде-бір демократ қолдау білдірмеген.

Бұдан бөлек, Өкілдер палатасы 2027 қаржы жылына арналған 1,15 трлн доллар көлеміндегі қорғаныс бюджетін де мақұлдады.

Заң жобасында Иранға қарсы операцияларды қаржыландыру, жаңа қару-жарақ әзірлеу, әскери қызметкерлердің жалақысын көтеру және Израильмен әскери-технологиялық ынтымақтастықты кеңейтуге қаражат бөлу қарастырылған.

Енді заң жобасы Сенаттың қарауына жіберіледі.