Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Әдемі Тұрсынбекқызы Дубайдағы университетті тәмамдап, сәулетші мамандығы бойынша диплом алды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Әдемі әлеуметтік желідегі парақшасында оқуын сәтті аяқтағанын айтып, қуанышты жаңалығымен бөліскен.
Оның әкесі Тұрсынбек Қабатов қызының шетелде білім алуына Иманғали Тасмағамбетовтің кезінде берген кеңесі әсер еткенін жеткізді. Осы ұсыныстан кейін отбасы Әдемінің Дубайда білім алуына шешім қабылдаған.
"Шыны керек, Иманғали Нұрғалиұлына алғысымды айтқым келеді. Бір отырыста "Әдеміні қайда оқуға түсіріп жатырсыңдар?" деп сұрады. Мен "Қазақстанда оқитын шығар" дедім. Сонда Иманғали аға: "Егер балаларыңды шетелде оқытпасаң, не үшін жұмыс істеп жүрсің, Тұрсынбек? Үй алғаныңа, ішкен-жегеніңе мәз болмаңдар. Қолдарыңнан келсе, балаларыңды шетелде оқытыңдар. Әдеміні шетелге түсір!" деп айтты", – деді ол.