Жарты жылда Ұлттық қорға 1,79 трлн теңге түсті

Жарты жылда Ұлттық қорға 1,79 трлн теңге түсті
lada.kz

2026 жылғы алғашқы алты айда Ұлттық қорға 1,79 трлн теңге түсті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оның басым бөлігі Атырау облысына тиесілі, яғни 1,024 трлн теңге немесе жалпы көлемнің 57,19%-ы.

Өңірлер бойынша көрсеткіш мынадай:

  • Атырау облысы - 1 024,23 млрд теңге (57,19%)
  • Батыс Қазақстан облысы - 397,36 млрд теңге (22,19%)
  • Маңғыстау облысы - 204,68 млрд теңге (11,43%)
  • Астана - 57,88 млрд теңге (3,23%)
  • Ақтөбе облысы - 56,22 млрд теңге (3,14%)
  • Қызылорда облысы - 41,05 млрд теңге (2,29%)
  • Алматы - 5,66 млрд теңге (0,32%)
  • Түркістан облысы - 3,13 млрд теңге (0,18%)
  • Қостанай облысы - 0,45 млрд теңге (0,03%)

Ұлттық қорға мұнай секторынан түсетін корпоративтік табыс салығы, пайдалы қазбаларды өндіру салығы, үстеме пайда салығы, экспортқа салынатын ренталық салық, өнімді бөлу туралы келісімдер бойынша Қазақстанның үлесі, сондай-ақ, осы саладағы әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар аударылады.