Қостанай облысында анасын қорғамақ болған жасөспірім қаза тапты

Сағыныш Сардарова 28 сәу. 2026 09:53

Қостанай облысы Жітіқара қаласында отбасылық жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды. 15 жастағы жасөспірім қаза тапты. Алдын ала мәліметке сәйкес ол анасын қорғауға тырысқан, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Полицияның мәліметінше, 25 сәуірде жанжал кезінде 37 жастағы әйел пышақ жарақатын алған. Оның ұлы да жараланып, оқиға орнында көз жұмған. Кейінірек тәртіп сақшылары жанжал ерлі-зайыпты арасында болғанын, ал жасөспірім анасына араша түскенін нақтылады.

Бұл дерек бойынша адам өлтіру және оған оқталу баптарымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ретінде зардап шеккен әйелдің жұбайы ұсталды.

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove