«Қош бол, Батька!». Қазақстан жүгін Түркіменстан мен Иран арқылы таситын болды

Dalanews 06 жел. 2023 09:22 1491

Қазақстан санкция салынған жүкті Еуропаға Түркіменстан мен Иран кіретін Оңтүстік маршрут арқылы тасуға келісті.

Көлік министрлігі мәлімдегендей, Беларусь пен Еуропа ортасындағы 13 шекара бекеті істемей тұр. Ресей-Финляндия шекарасындағы өткізу бекеттері де жабылған.

– Мұның салдарынан қазақстандық жүк көліктері Беларусь-Литва және Латвия шекарасында көбірек тұрып қалды. Сондықтан біз жүкті Еуропаға жеткізу үшін Түркіменстан мен Иран транзиті туралы сөйлестік, –  делінген көлік министрлігі таратқан мәліметте.


Оңтүстік маршрут арқылы жүк тасу уақыты ұзағырақ болады, бірақ ол балама ретінде аталып жатыр.

Беларусь мәліметінше, еуропалық өткізу бекеттердің 40% ғана істейді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар