Қазақстанда электр энергиясы күрт қымбаттады

Қазақстанда электр энергиясы күрт қымбаттады
Фото: ЖИ

Қазан айында елімізде электр энергиясының бағасы бір айдың ішінде 3,4 пайызға өсті. Бұл коммуналдық тарифтерді көтеруге қойылған мораторий аяқталғалы бері тіркелген ең жоғары айлық өсім. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенген Data Hub мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мораторий алынып тасталғаннан кейінгі алғашқы үш айда, яғни сәуірден маусымға дейін электр энергиясының құны өзгермеген. Алайда шілдеден бастап тарифтер біртіндеп көтеріле бастаған.

Бағаның өсуі бес өңірде, соның ішінде Алматы қаласы, Алматы облысы және Шымкентте тіркелді. Ал қалған 15 өңірде электр энергиясының тарифі бұрынғы деңгейде сақталған.

Айта кетейік, қазан айындағы статистика тарифтердің қыркүйекте көтерілгенін көрсетеді. Себебі коммуналдық қызметтер төлем түбіртектерін есептік кезең аяқталғаннан кейін ұсынады.