Бастапқы жарна 10 пайыз: Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасы әзірленіп жатыр

Бастапқы жарна 10 пайыз: Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасы әзірленіп жатыр
ЖИ: Dalanews.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғын үй сатып алудың жаңа тетігін әзірлеп жатыр. Жаңа механизмнің басты ерекшелігі – бастапқы жарнаны 10 пайызға дейін төмендету мүмкіндігі. Бұл туралы ведомство өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбековтің айтуынша, қазір жаңа бағдарламаның қаржылық моделі «Отбасы банкпен» бірлесіп талқыланып жатыр.

Жаңа тетікті таныстыру 2027 жылға жоспарланған. Алайда әзірге бағдарламаның нақты шарттары мен оған кімдер қатыса алатыны туралы толық ақпарат жарияланған жоқ.