Қазақстанда екі айдан ұзақ уақыт аурухана парағын рәсімдеуге болады: не өзгереді?

Қазақстанда екі айдан ұзақ уақыт аурухана парағын рәсімдеуге болады: не өзгереді?
ашық дереккөз

Қазақстанда екі айдан аса уақыт еңбекке жарамсыздық парағын алуға негіз болатын аурулар тізіміне өзгеріс енгізілді. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова тиісті бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Министрлік мәліметінше, аурулар тізімі өзгермеген. Жаңартылған құжатта әр диагнозға Аурулардың халықаралық жіктемесі (АХЖ) бойынша жеке код қосылған. Бұл ауруларды медициналық құжаттарда бірізді көрсетуге мүмкіндік береді.

Тізімге қандай аурулар енген?

Олардың қатарында:

  • сальмонеллездің ауыр түрі;
  • ботулизмнің асқынған түрі;
  • туберкулездің кейбір түрлері;
  • оба;
  • ауыр дәрежедегі бруцеллез;
  • құтырма;
  • жедел полиомиелит және басқа да аурулар бар.

Жаңартылған бұйрықта әр аурудың тұсына тиісті халықаралық код көрсетілген.