Қосанов? Қараңғы орта Ахмет Байтұрсынды да жермен-жексен еткен

Dalanews 16 мау. 2019 17:28 798

Мейлі. Бірақ жер аударылып кетсін, өзім Әміржан Қосановқа сенімім баяғыша.

Саясаттанушы Расұл Жұмалы солай дейді. Сайлауға түскен Қосановты әуелде қиқулап қолдаған халық, сайлаудан соң оны ит қосып қууға шақ қалды. Жұмалы мұның себебін біздің қоғамдағы азаматтық ұстанымның осалдағымен байланыстырыпты. Саясаттанушы былай деген екен: 

"Адами hәм Азаматтық ұстаным жетіспейді бізде. Әсіресе кешегі тегін ұмытқан Homo Sovieticus пендесіне тән сатқындық салтанат құрғанда.

Алдымен Троцкий керемет, сосын одан асқан ит жоқ боп шыққанда әп-сәтте.

Сол сияқты алдымен Ахмет Байтұрсын ұлт мақтанышы болып еді, жағдай өзгерді ме оны да қараңғы орта жермен жексен етті домалақ қағаз жолдап, арты билікке жетіп.


Осылайша қаншама алтыннан айрылдық. Бүгінгі билік дәл сол китұрқы тәсілдерді қолданып жатқандай. Мейлі. Бірақ жер аударылып кетсін, өзім Әміржан Қосановқа сенімім баяғыша.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар