Қорғаныс министрлігі жаңа бөлімше құрды

Сағыныш Сардарова 18 там. 2025 11:28

Қорғаныс министрлігі жасанды интеллектті енгізу жөніндегі мамандандырылған бөлімше құрды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде және басқару тиімділігін арттыру, процестерді оңтайландыру, сондай-ақ қорғаныс әлеуетін күшейту мақсатында Қорғаныс министрлігінде жасанды интеллект технологияларын енгізу мен дамытуға жауапты мамандандырылған бөлімше құрылды.

Министрлік мәліметіне сүйенсек, жаңа құрылым Қарулы күштердің цифрлық трансформациясының негізгі элементі болмақ.

"Бөлімшенің негізгі міндеті - деректерді талдау, басқаруды автоматтандыру, жедел сценарийлерді модельдеу, қазіргі әскери жағдайда басқару шешімдерін қабылдау жылдамдығын арттыру үшін жасанды интелект шешімдерін әзірлеу және енгізу", - деп жазылған хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар