«Қоқан-лоққы басталды!». Жер мәселесін көтерген Бақытжан Базарбектің баласының коляскасын өртеген кім?

Dalanews 11 қыр. 2023 04:23 426

Депутат Бақытжан Базарбектің баласының коляскасын өртеп кеткен күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұған дейін белгісіз біреулер депутат Базарбектің баласының коляскасын өртеп кеткені туралы ақпарат тараған.

– Менің отбасыма белгісіз біреулерден қоқан-лоққыға ұқсайтын әрекеттер басталды. Кішкентай балапанымның коляскасын квартирамыздың есігі алдында жағып жіберген. Осылай, Ескі Қазақстанның өкілдері өзінің бар-жоғын ескертіп, білдіртіп отырғандай сезінесің! – деп жазды депутат.


Бақытжан Базарбектің өзі мәжілісте жер мәселесін жиі көтереді. Екі күн бұрын ғана бір топ сенатордың «Жер кодексіне күмәнді және аса қауіпті түзетуді ұсынып» отырғанын, сенаторлар қорғалатын табиғи аумақтардың бір бөлігін ауылды елді мекендердің құрамына ауыстыру мүмкіндігін беруге тырысып жатқанын мәлім еткен еді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар