Қонаевта студент қызды тасжолдың бойында өлтіріп, артынша өртемек болғандар сотталды

Көркем Алдабергенова 10 қаз. 2024 16:21 3212

Қонаевта студент қызды қатыгездікпен өлтіргендер сотталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz
 
Іс Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.
 
Биыл 6 наурызда екі ер адам ортақ танысы арқылы студент қызбен танысқан. Екені жәбірленушіден уақытша бір жерге тұрғызуды сұраған.
Осылайша олар Алматыда пәтерді жалға алған. Бір күні олардың ақшасы бітіп, пәтердің ақшасын төлеу үшін ер адам студент қыздың iPhone 13 Pro маркалы телефонын комиссиялық дүкенге тапсыруға, кейінірек оны қайта сатып алуға уәде беріп, көндірген.
 
Қолға ақша түскеннен кейін екеуі студент қызды банктер мен микроқаржы ұйымдарында жалпы сомасы 435 мың теңгеге ақшалай қарыздарды ресімдеуге көндірген.
 
12 наурызда екі ер адам студент қыздың смартфонын комиссиялық дүкеннен өзіне хабарламай, жасырын сатып алып, оны 240 мың теңгеге сатып жіберген, ал түскен қаражатты өздері жаратып тастаған.
 
Студент қыз смартфонды қайта сатып алу туралы бірнеше сұраған. Артынша екеуі студент қызға телефоны мен несиенің ақшасын қайтармау үшін өлтірмек болады.
 
Сол үшн 15 наурыз күні түнде екі ер адам студент қызды үйіне апару сылтауымен онымен бірге жолға шығып, сағат 02:00 шамасында Қонаев-Қазақстан автожолының 36 – шақырымына жетіп, жолдан шығып, ашық учаскеге тоқтаған.
 
Екі ер адам кезек-кезек студентті сақамен ұрып соғып, оны бензинмен өртеуге тырысқан, содан кейін олар оқиға орнынан қашып кеткен. Қыз бала алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болған.
 
Сотталушылардың кінәсі іс материалдарымен толық дәлелденген: куәлардың айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен дәлелденді.
Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Сот үкімі:
Сот үкімімен Қ. және С. өздеріне тағылған іс-әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар