Министр ең алдымен облыс орталығының, жалпы алғанда өңірдің даму жоспарымен танысты. Кемел жердің келешегін аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев айтып, бас жоспарға кіріктірілген жобаларды талдап берді.
Артынша, министр мен әкімдік өкілдері дөңгелек үстелде бас қосты. Күн тәртібіндегі негізгі тақырып, Қонаев қаласыннан академиялық қалашықты құруға арналды.
Кездесу барысында Алматы облысы білім басқармасының башысы Салтанат Беспаева алғашқы болып сөз алып, таяу болашақта атқарылар келелі істер турасында баяндама жасады.
Өңірдің бас ұстазының айтуынша, осыған дейін Алматы облыстық білім басқармасы ҚР Оқу-ағарту министрлігіне академиялық қалашықта 1200 орындық Политехникалық колледж салу туралы ұсыныс беріп, ол министрліктен қолдау тауып, облыс әкімі Марат Елеусізұлының атынан Үкіметке сұраныс хатта жолданған.
Бұл бастаманы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайловтың өзі де қолдайтындығын айтқан еді.
Өңірде академиялық қалашақты құрудағы мақсат – облыс аумағында орналасқан кәсіпорындар мен шаруашлықтарға қажетті білікті мамандарды шет мемлекеттен алдырмай, өз жерімізде даярлау.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің айтуынша, қазіргі таңда білім саласындағы басты түйіткіл инфрақұрылымды арттыру болып табылады. Өйткені, ел аумағындағы демографиялық өсім мен шет мемелекеттен студенттердің ағылып келуі дәл осы мәселемен бетпе-бет кезіктіріп отыр.
Саясат Нұрбектің айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда білім алатын студенттердің саны 626 мыңды құраса, 2025 жылы бұр көрсеткіш 800 мыңға жетсе, 2030 жылға қарай 1 миллионнан асып жығылмақ. Сондықтанда, академиялық қалашықты салу аса маңызға ие.
Алматы облысы Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласының бас жоспарына сәйкес, арнайы жер қарастырылғанын, көктем айында бас жоспар бекітілгеннен кейін инфрақұрылымға қатысты жұмыстар өз жалғасын табатындығын атап өтті.
– Алдағы уақытта, өздеріңіз айтқандай экономикалық қолайлы аймақ құрылып, инфрақұрылым жолға қойылады. Шет елден келетін ұстаздар қауымын тұрғын үймен қамту мәселесінде қарасытармыз, – деді облыс әкімі Марат Елеусізұлы.
Жиын барысында министр Саясат Нұрбек облыс билігіне аймақтағы тапшы мамандар тізімін беруді тапсырып, Алматы облысы әкімдігімен бірлесе отырып, екі жақты жол картасын дайындауды ұсынды. Бас құжат алдағы бір аптаның ішінде рәсімделуі тиіс екенін қадап айтты.
– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қонаев қаласынан академиялық қалашық салу жоспарланған. Ол үшін облыс әкімдігімен келісе отырып 100 гектар жер бөлінген. Біз келешекте шетелдің дамыған университеттерімен келіссөз жүргізу арқылы осы маңда ЖОО ашыуды көздеудеміз. Жоспар бойынша, G4 City-де үлкен индустриялық, өнеркәсіптік класстер орналаспақ. Сол үшін арнайы мамандарды дайындауымыз қажет. Жаңадан қалыптасып жатқан өнідірістік аймаққа қажетті мамандардың тізімін жасақтап, кадрлық тапшылықты айқындау керек, – деді министр Саясат Нұрбек.
Оның айтуынша, бүгінгі күні инженерлік-техникалық мамандардың 70 пайыздан астамы Алматы қаласындағы университеттерде даярланады, алайда олардың басым бөлігі дәл сол шаһарда қалып қойып, өндіріске шықпайды.
Сондықтан алдағы уақытта университеттерді өндірістермен тығыз байланыстырып, дуалды форматқа көшіру басты назарға алынбақ.
Министр сапар барысында облыстағы қос бірдей кәсіпорынға атбасын бұрып, өндіріс ошақтарындағы қандай мамандарға сұраныстың артқанын зерделеді.
Министр бас сұққан кәсіпорынның бірі – «Маревен Фуд Тянь Шань».
2018 жылы елде іргесі қаланған зауыттың әлеуеті жоғары екені анық. 5 жылдың ішінде өндіріс көлемін 3 есеге ұлғайтқан бұл жерде 900 адам еңбек етеді. Алайда, белгілі бір мамандық иесіне сұраныстың бары жасырын емес.
Зауыт Алматы энегергетика және байланыс университетімен және де Алматы техникалық жоғары оқу орнымен байланыста. Соның өзінде маман тапшылығы мәселесі түбейгі шешімін таппаған. Мұндағы жауаптылар техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын инженерлер мен технологтардың қажеттігін бүкпесіз айтты.
Аймақтағы зауыттардағы кадрлық әлеуетке көз жүгірткен министр Саясат Нұрбек, академиялық қалашық салынып, мамандар өзімізде оқытылғанда мәселенің күрмеуі тарқатылады деп сендірді.
Естеріңізге саламыз, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға қарай елге шет елдік ең мықты 5 жоғары оқу орнының бөлімдерін ашуды тапсырған.
Былтырдың өзінде мемлекет басшысының пәрменінің шеңберінде 4 бірдей университеттің филиалы ашылған еді. Министр мырзаның айтуына қарағанда, биылғы жылы тағы да 6 ЖОО Қазақстанға келеді.
Олардың ішінде Шотландияның ең көне техникалық университеті Heriot-Watt-та бар.
– Ендігі кезекте бұл білім ордаларын осындай арнайы академиялық қалашықтарға әкелу жоспарланған. Министрлік пен Алматы облысы әкімдігінің ресурстарын біріктіріп, біз Қонаев қаласын үлкен академиялық ұтқырлық хабына айналдыруға жоспар құрып отырмыз, – деді министр Саясат Нұрбек.