Бағдарламаның басты мақсаты ретінде COVID-19 пандемиясының жағымсыз салдарын азайту және өткір әлеуметтік мәселелерге тиімді жауап беру жөніндегі азаматтық бастамаларды қолдау болды.
2021 жылдың тамыз бен желтоқсан айлары аралығында 16 өңірлік ҮЕҰ Қазақстанның 14 өңірінде 16 423 бенефициарға жан-жақты көмек көрсетті.
"Qolda 3.0" бағдарламасы әлеуметтік санаттардың өмір сүру сапасын жақсарту және инклюзивті болашақ құру бойынша жаңа идеялары бар қоғам белсенділерін біріктірді.
Түркістан облысында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша 14 ақпараттық науқан өткізілді.
326 ауыл әйелі мен қызы құқықтық сауаттылығын арттырып, өз құқықтарын қорғау тетіктері туралы біле алды, 314 әйел мен қыз құқықтық және психологиялық көмек алды, 106 агрессор ер адам тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша психологиялық оңалту бағдарламасы аясында көмек алды. Алматы облысында суицидке бейім 444 оқушы психотерапиялық сессиядан өтті.
Өскемен қаласында есту қабілеті бұзылған адамдарды ақпараттық, консультациялық, психологиялық көмекпен қамтамасыз ету үшін дағдарыс орталығының кеңсесі ашылды. Мамандар ым тілінде 122 психологиялық кеңес өткізді.
Семей қаласында 2300-ден астам бала қалалық экоакциялар мен экологиялық мектеп іс-шараларына қатысты.
Қарағанды облысында 70 экотренер мен эковолонтер жастарға экологиялық білім беру бойынша оқытудан өтті. 1000-нан астам колледж студенті жасыл өмір салтын насихаттау бойынша сенбілік, экоакция, экомарафон, байқаулар сияқты іс-шараларға қатысты.
Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғындары цифрлық сауаттылық бойынша 1110 кеңес алды.
Павлодар облысында қоғамдық нысандардың мүгедекдігі бар адамдар мен тұрғындардың қозғалысы шектеулі топтары үшін қолжетімділік деңгейін бағалау және одан әрі бейімдеу тетігі әзірленді.
АИТВ және туберкулезбен ауыратын адамдардың құқықтарын насихаттайтын ҮЕҰ республиканың 5 облысын біріктірген ҚР Пациенттер одағын құрды. Барлық жобаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан 78 әріптес және 45 серіктес ұйым көмектесті.
“QOLDA бағдарламасы кеңейіп келе жатқанына өте қуаныштымыз және бұл жолы біз әртүрлі бағыттағы жобаларды қолдай алдық. Біз үшін эко-білім беру, цифрлық сауаттылыққа, тігу дағдыларына оқыту және жұмыс орындарын құру жөніндегі жобалар, әрі заң шығарушылық жобалар жаңа жобалар болды. Бұдан бөлек, бағдарлама өңірлік ұйымдарға қолдау көрсетуге, оларға өздерінің бірегей идеяларын іске асыруға мүмкіндік беруге және бенефициарларды барынша қамту үшін ауылдық аудандарға баруға тырысады”, – Алия Испаева, Орталық Азияның Еуразия Қорының “Qolda” бағдарламасының менеджері.
“Шеврон” компаниясының қолдауымен Орталық Азияның Еуразия Қоры жүзеге асырып отырған “Qolda” жедел көмек бағдарламасы республикамыздағы COVID-19 пандемиясының жағымсыз салдарын барынша азайтуға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар азаматтық қоғамның дамуына жаңа серпін беріп, қоғамдық ұйымдардың заманауи қоғамның мәселелерін шешуге өз үлесін қоса алатындығын көрсетті. Бағдарлама мыңдаған отандастарымызға жүйелі гуманитарлық, құқықтық, психологиялық көмек көрсету бойынша орасан зор жұмыс жүргізетін әмбебап алаңға айналды және “Күшіміз бірлікте!” постулатын тағы да бір мәрте растады”, – Жанар Кошпанова, “Шеврон” компаниясының өкілі.
“Qolda” бағдарламасы өз жұмысын жалғастырып жатыр. Ақпан айында бұл бағдарламаның келесі кезеңі жарияланады. Барлық мәлімет ресми сайтта жарияланады: http://qolda.org/.