Ақтауда полиция қызметкерлері он баласы бар ананы 17 жасар қызы сатушы болып жұмыс істейтініне байланысты айыппұл салмақ болды деп хабарлайды Dalanews.kz. Жоғарғы сотқа сілтеме жасап.
Инспектор тәрбие міндеттерін орындамау туралы әкімшілік хаттама жасады. Әйел келіспей, сотқа жүгінді, нәтижесінде сот оның жағына шықты.
«Инспектор арыз берушінің кәмелетке толмаған қызын еңбек келісімшарты жоқтығына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға қол қойғызуға мәжбүрлеген. Жеке кәсіпкер мен арыз берушінің қызы арасында іс жүзінде консультант ретінде жұмысқа қабылдау туралы келісімшарт жасалған, ол сотқа ұсынылды», – деп анықтады облыстық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сот.
Сондай- ақ сотта Еңбек кодексі 16 жасқа толған азаматтармен еңбек шарттарын жасауға рұқсат беретіні, алайда кәмелетке толмағандар күніне тек екі сағат қана жұмыс істей алатыны түсіндірілді.
 
                         
                     
                                     
                                     
                            