Алматы полициясы Орталық стадиондағы концерт алдында қауіпсіздік шараларын күшейтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алматыда полицейлер қаладағы Орталық стадионда өтетін Қайрат Нұртастың концерті кезінде қоғамдық тәртіп пен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Кептелістердің алдын алу мақсатында Абай даңғылы – Байтұрсынұлы, Мұқанов және Сәтбаев көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы ішінара шектелуі мүмкін.
"Қала тұрғындары мен қонақтарынан енгізілген шараларға түсіністікпен қарап, қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Азаматтардың қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз. Қоғамдық тәртіпті сақтап, полиция қызметкерлерінің нұсқауларын орындаңыздар", – деді Полиция департамент өкілі.
 
                         
                     
                                     
                                     
                            