Бетіне өткір иісті сұйықтық шашып жіберген: Атырау облысындағы жантүршігерлік қылмыстың мән-жайы

Сағыныш Сардарова 31 қаз. 2025 10:46

Атырау облысында зейнеткерге шабуыл жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

27 қазанда Жылыой аудандық полиция бөліміне Қосшағыл ауылының тұрғынынан шабуыл жөнінде хабарлама түскен. Белгісіз әйел үйге кіріп, 62 жастағы үй иесіне қарай өткір иісті сұйықтық шашқан, содан кейін зергерлік бұйымдарын ұрлап, оқиға орнынан жасырынған.

"Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер 55 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ІІМ өкілі.

Жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген, оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар