Шымкентте банк карталарының нөмірін таратқан шетелдіктер ұсталды

Асель Қайратқызы 31 қаз. 2025 10:01

Шымкентте полиция қызметкерлері мегаполис көшелерінде күмәнді өнім таратқан төрт қызды ұстады деп хабарлайды Dalanews.kz. OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Тексеру барысында олардың барлығы шетел азаматтары екені анықталды, ал ұсталғандардың бірі кәмелетке толмаған болып шықты.

Полицияның мәліметінше, қыздар ылғал майлық салынған қаптамаларды таратқан. Оларға “Мен сегіз баланың анасымын, өтінемін, ылғал майлық сатып алыңыздар” деген  жазбалар қоса тіркелген. Сондай-ақ ақшалай аударым жасау үшін банк картасының нөмірі көрсетілген.

Осылайша, алаяқтыққа барған қыздар азаматтардың аяушылығын тудырып, олардан материалдық көмек алуға тырысқан.

Полицейлер ұсталғандармен түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізіп, азаматтарды алдау әрекеттерінің жол берілмейтінін және ел аумағындағы еңбек пен кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнаманы сақтау қажеттігін еске салды.

Кәмелетке толмаған қызбен және оның заңды өкілдерінің қатысуымен жеке тәрбиелік әңгіме жүргізілді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар