"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы Райымбек Баталовтың отставкасы туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Палата мәліметінше, кейбір дереккөздерде таратылып жатқан Райымбек Баталовтың «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының Төрағасы қызметінен босатылатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП Жарғысының 16.4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Төралқа Төрағасы тек Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Съезінің шешімімен ғана сайланады және қызметінен босатылады.
"Осы мәселеге қатысты өзге де мәлімдемелер мен жарияланымдар шындыққа жанаспайтыны және құқықтық негізі жоқ екендігін атап өтеміз. Тексерілмеген және жалған ақпаратты таратпауға шақырамыз", - дейді палата өкілдері.
 
                         
                     
                                     
                                     
                            