Қазақстанда Enbek цифрлық экожүйесіне кіретін бірқатар интернет-ресурстың жұмысына уақытша шектеу енгізілді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, техникалық жұмыстар 19 қараша сағат 22:00-ден 23 қараша сағат 08:00-ге дейін жүргізіледі, деп хабарлайды dalanews.kz.
Осы аралықта enbek.kz, migration.enbek.kz, career.enbek.kz, hr.enbek.kz, passport.enbek.kz, skills.enbek.kz, competence.enbek.kz және aleumet.egov.kz порталдары ішінара немесе толық ашылмауы мүмкін.
Шектеу жұмыс іздеушілерге, жұмыс берушілерге және аталған цифрлық қызметтерді пайдаланатын ұйымдарға әсер етеді. Атап айтқанда, бос жұмыс орындарын іздеу, түйіндеме жариялау, жұмыс берушінің ұсынысына жауап беру және үміткерлерді іріктеу қызметтері уақытша қолжетімсіз болуы ықтимал. Сонымен қатар кәсіби бағдар беру, дағдылар мен құзыреттерді бағалауға арналған сервистердің жұмысында да іркіліс болуы мүмкін.