Оңтүстік өңірде сібір жарасын жұқтыру жағдайы тіркелді

Асель Қайратқызы 31 қаз. 2025 10:47

Түркістан облысы Төле би ауданында ер адам сібір жарасымен ауырып қалды. Қазір ол ауруханада емделіп жатыр, дәрігерлер онымен байланыста болған адамдарды тексеруде, деп хабарлайды Dalanews.kz.   “Алматы” телеарнасына сілтеме жасап.

Эпидемиологтардың мәліметінше, ер адам ауру малдың етін бөлшектеу және жеу кезінде сібір жарасын жұқтырған. Дәрігерлердің айтуынша, ол шамамен 10 күн бұрын жұқтыруы мүмкін, ал себеп – малды сою кезінде санитарлық ережелердің бұзылуы.

Санитар дәрігерлер науқаспен байланыста болған тағы 10 адамды тексерді, бірақ олардан бұл қауіпті ауру анықталған жоқ.

Санитарлық қызмет қазақстандықтарды ерекше сақ болуға шақырады: етті тек ресми сауда орындарынан сатып алып, міндетті түрде ветеринариялық мөрдің болуын тексеру қажет.

«Ер адам сиыр етін сатып, жекеменшік қасапханада жұмыс істеген. Қазір ол жұқпалы аурулар бөлімінде жатыр. Диагноз расталды, сібір жарасының қоздырғышы анықталды. Ауру ветеринардың рұқсатынсыз ауру малды сою салдарынан пайда болған», – деді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ақерке Мақұлбекқызы.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар