Өлтіріп, басын кесіп тастаған - Екатеринбургтегі сұмдық өлім

Көркем Алдабергенова 31 қаз. 2025 15:03

30 қазанның таңында Екатеринбургтің оңтүстік-батыс орман саябағынан 41 жастағы әйелдің басы шабылған мәйіті табылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Денені таңғы жүгіруге шыққан қала тұрғыны байқап қалған. Бұл туралы URA агенттігі хабарлады.

Тергеу мәліметінше, марқұм мен оның 21 жастағы ұлы 2023 жылы Қырғызстаннан Екатеринбургке көшіп келген. Әйел сауда орталығында жұмыс істеген, ал ұлы жұмыссыз жүрген.

Тергеу болжамы бойынша, 20 қазанда күдікті орман маңындағы жанармай бекетінің қасында анасын өлтіріп, кейін қылмыстың ізін жасыру үшін оның басын кесіп тастаған.

Свердлов облысы бойынша Тергеу комитеті Ресей Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Кісі өлтіру») бойынша ауыр қылмыс дерегімен іс қозғады.

Күдіктінің бірге тұрған пәтерінде (онымен бірге төрт адам тұрған) тінту жүргізілген. Ер адам қазір қамауда. Тергеушілер қылмыстың себептері мен толық жағдайын анықтап жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар