Жақсы жаңалық! Қазақстандық 5 университет әлемдегі үздік оқу орындарының тізіміне қосылды

Сағыныш Сардарова 31 қаз. 2025 16:06

Бүгін Мемлекет басшысы "Қазақстан – академиялық білім аймағы" стратегиялық серіктестер форумында сөз сөйледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Президент еліміздегі жоғары оқу орындарының беделді халықаралық рейтингтердегі көрсеткіші жақсарып келе жатқанын айтты.

"QS халықаралық рейтинг агенттігінің президенті Нунцио Квакварелли мырза өз баяндамасында бұл мәселеге кеңінен тоқталды, Қазақстан университеттерінің қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті. Біз ортақ мақсат жолында күш біріктіріп, әріптестігімізді нығайта түсуге мүдделіміз, бірлесіп жұмыс істеуге қашанда дайынбыз. Сондай-ақ еліміздің 5 университеті Times Higher Education басылымы ұсынған әлемдегі үздік оқу орындарының тізіміне қосылды. Бұл да біз үшін зор жетістік", – деді Президент.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар