16 жастағы Анель Ташбай велоспорттан жекелей сында өтетін жарыста жеңімпаз атанды деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қазақстанның Бахрейндегі Жасөспірімдер Азия ойындарындағы алтын медаль саны беске жетті. Оның екіншісі велоспорттан.
Бұл Бахрейндегі Анельдің екінші алтын медалі. Бұған дейін спортшы аралас эстафетада жеңіске жеткен еді. Анель Ташбай Талғар қаласының тумасы.
Енді Қазақстанның жалпы медаль саны 25-ке жетті: 5 алтын, 7 күміс және 13 қола медаль.
 
                         
                     
                                     
                                     
                            