«Аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру бойынша ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Мәселен биыл Бараев көшесінде жаяу жүргіншілер жолы, Бейбітшілік және келісім сарайының жанында амфитеатр, қараусыз қалған Жерұйық-2 саябағындағы Достық гүлзары (ҚХА мүшелерімен бірге), мұғалімдер саябағы ашылды, сол сияқты қалалық алаң, оң жағалауда баршаға белгілі «Встреча» ауданы және т.б. абаттандырылды.
Қоғамдық кеңістіктер елорданың көркін арттырып, қала тұрғындары мен қонақтары үшін тартымды орынға айналды. Абаттандыру жұмысы барлық ауданда, оның ішінде елді мекендерде де жүріп жатыр.
Елді мекендердің өзінде соңғы жылдары 311 аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырылды. Қаламызда бас-аяғы 750-ден аса аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Абаттандыру жұмысы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында жүргізіліп жатыр.
Осыған дейін көпір астындағы кеңістіктер абаттандырылып, құтқарушылардың, медицина қызметкерлерінің құрметіне арналған арнайы тақырыптық алаңдар, көше спортының колизейі, «Театральный» бульвары, «Demalys Promenade» демалыс күні көшесі және т.б. ашылды. Олардың бәрі қала тұрғындары мен қонақтарының уақытын тиімді өткізуіне, жаяу жүруіне арналған.
Қоғамдық кеңістіктер мен аулаларда әркім жанына жақын іспен айналыса алады: баскетбол/футбол алаңдары, workout аймағы, демалысты тыныш орында өткізуге арналған орындар, балаларға арналған алаңдар, әткеншектер, шығармашылық қойылымдарға арналған сахналар және т.б. орналасқан», - деп жазды елорда әкімі.