Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестер үйлестіру орталығының отырысында жаңа Конституция жобасы қолдау тапты, деп хабарлайды Dala News.
Жиынға Үйлестіру орталығының мүшелері, республикалық және өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Отырыста жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары талқыланып, мемлекеттік саясатты қалыптастыруға азаматтардың қатысуын кеңейту мәселесіне басымдық берілді. Қатысушылар Ата заң жобасын қолдай отырып, мемлекеттік басқару жүйесінде азаматтық қоғам институттарының рөлін күшейту қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар қоғамдық кеңестер қызметінің тиімділігін арттыру, олардың шешім қабылдау үдерісіне ықпалын күшейту және ашықтықты қамтамасыз ету тетіктері қарастырылды.
