Блогер Александр Соколовский такси құны неге телефонның қуаты 10% болғанда өсетінін және iPhone үлгісі жеткізу бағасын 20%-ға дейін өсіретінін түсіндірді, деп хабарлайды Dalanews.kz finratings.kz-ке сілтеп.
Басылым мәліметінше, такси мен тағам жеткізу сервистері әр клиенттің жеке "шегін" анықтайтын алгоритмдерді қолданады. Баға тек сұранысқа емес, пайдаланушы смартфонының күйі мен цифрлық профиліне де байланысты.
Бағаның өсуіне әсер ететін негізгі факторлардың бірі - құрылғының қуаты. Қуаты 10%-дан төмен болса, агрегаторлар тарифті қымбаттата алады. Себебі мұндай жағдайда адам уақыт жоғалтпай, қызметті бірден алуға бейім болады.
Екінші фактор - смартфон үлгісі. Іскерлік аудандарда соңғы үлгідегі iPhone иелері Android қолданушыларына қарағанда 15-20% жоғары баға көруі мүмкін.
Александр Соколовскийдің айтуынша, жүйе адам төлеуге дайын соманы есептеп, соған сай баға ұсынады.
Оның айтуынша, алгоритмдер тұрақты клиенттерге де жеке тәсіл қолданады. Бір мейрамханадан жиі тапсырыс берсе, жеңілдіктер біртіндеп алынып, жеткізу қымбаттайды.
Сарапшының сөзінше, бірыңғай баға ұғымы жойылып барады. Алгоритм пайдаланушының әдетін, таңдауларын талдап, соған сай бағаны өзгертіп отырады.
